- ЕЛ және БИЛІК

Тапсырма нақтыланды

Тапсырма нақтыланды Қасым — Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына ар налған Жолдауда , сондай — ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді . Асхат Аймағамбетов Президентке министрліктің пе дагогтер мәртебесін арттыру жоніндегі шараларды бел сенді іске асырып жатқаны , мүғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады . Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр . Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін то лықтыру үшін қабылданған шаралар , сондай — ақ , бала ларға қолайлы орта қалыптастыру және « Кіст оқитын мектеп » жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді . Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау , отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту , жоғары білім беру сапасын арттыру , академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды . Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді .

Ақорданың баспасөз қызметінен алынды .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *