- ЕЛ және БИЛІК

Мектеп құрылысы шілде айында аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы 300 орындық мектептің құрылысымен та нысты . Жер телімінің жалпы ауданы – 2,1 га . Жоба құны — 897,2 млн теңге .

 

Бас мердігер « Жаңа Арна 2002 » ЖШС құрылысты былтыр наурыз айында бастаған болатын . Былтыр 400,0 млн теңге қаржы игерілді . 2021 жылға бөлінген қаржы — 497,2 млн теңге . Мердігер мекеме өкілдері құрылыс жұмыстарын биыл шілде айында аяқтап , нысанды ел игілігіне тапсыруды жоспарлап отыр . Атап айтқанда , қазіргі таңда жер жүмыс тары , ірге тас жұмыстары 100 пайыз толық аяқталды . Құрылыс басында 60 адам еңбек етуде . Қала әкімі мердігер мекеме басшыларына мектеп аумағының абаттандырылуына , газон , тас төсеніш төсеугу жіті мән беру керектігін міндеттеді .

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *